
2026 жылғы 19 маусымда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде Медицина қызметкері күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Департамент басшысы А.Н. Жаманбалина қызметкерлерге лайықты марапаттарын табыстады:
– «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы;
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Құрмет грамотасы;
– Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты.
Марапаттар денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін табысталды.
Барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге жанқиярлық еңбектеріңіз, мамандыққа деген адалдықтарыңыз, азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасылық амандық, сарқылмас күш-қуат, кәсіби табыстар мен адамзат игілігі жолындағы абыройлы қызметтеріңізде жаңа жетістіктер тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1244696?lang=ru

Жауап қалдыру