Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қордай ауданы Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөнінде учаскелік сайлау комиссияларымен өткізілген отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21 маусымда Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөнінде Жамбыл ауылындағы  №246 СУ, Жаңатұрмыс ауылындағы №247 СУ, Қаракемер ауылындағы №220  және Керу ауылындағы №221 сайлау учаскелерімен отырыс өтті.

Отырыста «Дауыс беруге арналған үй-жайды, сайлау учаскесіндегі дауыс беру пунктін жарақтандыру»,  «Сайлаушылар тізімімен жұмыс және сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету»   және «Сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу» туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша есептер мен ұсыныстар тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, талқылағаннан кейін учаскелік  сайлау комиссия мүшелеріне тапсырмалар мен ұсыныстар берілді. Олардың ішінде: Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының   2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына сәйкес сайлау учаскелері дайындалуы, сайлаушылардың тізімдерін сайлаушыларға таныстыру және сайлаушыларға дауыс беру уақыты мен орнын хабардар ету мақсатында шақыру қағаздарын тарату жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

 

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/news/details/1244800?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді