Жіті ішек инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 маусымда Түркістан қалалық санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлеріне «Жіті ішек инфекциясы: клиникасы және алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара барысында жіті ішек инфекцияларының клиникасы, таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, инфекциялық аурулардың алдын алу және халықтың санитариялық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Семинар соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, мамандардан практикалық ұсыныстар алды және тәжірибе алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1244823?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді