
Болашаққа бағытталған игі іс: ШҚО полициясы экологиялық акция өткізді
Қазақстан полициясы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары ерекше бастама көтерді. Полиция департаментінің қызметкерлері өздері қамқорлыққа алған мектеп-интернаттың ауласын жасыл желекке толтырып, ағаш көшеттерін отырғызды.
Экологиялық шара – табиғатты аялауға және өскелең ұрпақтың келешегіне деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Аталмыш көшеттер алдағы уақытта мектеп ауласының сәнін кіргізіп қана қоймай, жас ұрпаққа қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын ұдайы еске салып тұратын болады.
Тәртіп сақшылары үшін қамқорлықтағы оқу орнына қолдау көрсету – кезек күттірмес міндет. Полиция қызметкерлері бұл мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, тәрбиеленушілердің ізгі бастамаларына әрдайым демеушілік танытып, көмек
қолын созып келеді.
Бұл күні егілген әрбір шырша – болашаққа деген сенімнің белгісіндей. Мұндай қайырымды істер табиғатқа деген сүйіспеншіліктің қарапайым қадамдардан басталатынын және әрбір игі істің әлемді жақсылыққа бөлейтінін тағы бір мәрте дәлелдей түсті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1244845?lang=ru

Жауап қалдыру