
Alikhan Bokeikhanov University-де мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен студенттер мен жас мамандардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған подкаст өтті.
Кездесу барысында қатысушылар еңбек заңнамасының негізгі ережелерін, ресми жұмысқа орналасу тәртібін, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ еңбек құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау тетіктерін талқылады. Еңбек шарттарын жасасу, еңбекақы төлеу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1244876?lang=ru

Жауап қалдыру