БҚО-да байланыс және интернет инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі аппараты басшысының орынбасары төрағалығымен өңірдегі байланыс және интернет инфрақұрылымын дамытуға арналған кеңес өтті.
Кеңес барысында облыстағы байланыс сапасын арттыру, ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамту, ұялы байланыс желілерін дамыту және тұрғындарды сапалы цифрлық қызметтермен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Іс-шараға байланыс операторларының өкілдері, облыстық басқармалар, Орал қаласы мен аудан әкімдіктерінің мамандары қатысып, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.
🌐 Өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту, интернеттің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.
#БҚО #Цифрландыру #Байланыс #Интернет #ҚолжетімдіИнтернет

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1244969?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді