
Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз жоғары кәсібилікті, жауапкершілікті, мейірімділік пен өз ісіне адалдықты талап етеді. Күн сайын адамдардың денсаулығын қорғап, медициналық көмекке мұқтаж жандарға қажетті қолдау көрсетіп келесіздер.
Барлық медицина қызметкерлері мен сала ардагерлеріне адал еңбектері, мамандықтарына деген беріктігі және халық денсаулығын сақтауға қосқан өлшеусіз үлестері үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, бақыт, еңбектеріңізге толағай табыс және алғысқа толы абыройлы қызмет тілеймін. Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, жылулық пен молшылық тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1244995?lang=ru

Жауап қалдыру