Ақтөбе облысында жұмыспен қамту шаралары қарқынды жүзеге асуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде жыл басынан бері 12 194 адам жұмыспен қамтылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 2,5 есе арттыру көзделуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру жұмыстары жалғасуда.

«Жыл басынан бері жұмыспен қамтудың түрлі шараларына 12 194 адам тартылды. Оның ішінде 5 208 тұрғын тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында 2 455 адам жұмыспен қамтылды. Ұлттық жобалар мен тұжырымдамаларды іске асыру шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құруға көңіл бөлінуде. Биыл өңірде 116 жоба бойынша 3 343 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазіргі таңда облыста 55 жоба іске асырылып, олардың аясында 1 615 адам жұмысқа орналастырылды», – деп атап өтті басқарма басшысы.

Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар да іске асырылуда. Мүгедектігі бар азаматтар үшін мемлекеттік және жеке ұйымдарда арнайы жұмыс орындары белгіленіп, олардың еңбек нарығына бейімделуі мен жұмыспен қамтылуына қолдау көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, облыста пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1245054?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді