“ЖАЙҚАЛСЫН БАЛАЛЫҚТЫҢ ГҮЛ БАҒЫ”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“ЖАЙҚАЛСЫН БАЛАЛЫҚТЫҢ ГҮЛ БАҒЫ”

Бүгін ауданымызда балғын бүлдіршіндерге арналған балабақша бақшасының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов, білім саласының ардагерлері, әдіскерлер, тәрбиешілер мен ата-аналар қатысты.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына жасалып жатқан жағдайлардың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ бүлдіршіндердің жарқын болашағы жолында еңбек етіп жүрген ұстаздар мен тәрбиешілерге алғысын білдірді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Балабақша тәрбиеленушілері мен өнерпаз балалар ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған жәрмеңке көпшіліктің қызығушылығын тудырып, мерекенің сәнін арттыра түсті.

Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйге толы бұл күн барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Осындай игі бастамалар бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына, бақытты балалық шағын қалыптастыруға және тәрбиелік ортаны нығайтуға үлкен үлес қоспақ. Балалықтың гүл бағы жайқалып, бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1245400?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді