
Полиция қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шарада ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді.
Мерекелік кеш барысында ішкі істер саласында ұзақ жылдар адал қызмет атқарған ардагерлерге тағзым жасалып, өмірден өткен полиция қызметкерлерінің жарқын бейнесі мен өнегелі жолы еске алынды.
Антына адал, халқына қорған болған полиция қызметкерлерінің жауапты еңбегі әрдайым құрметке лайық. Ел қауіпсіздігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1245516?lang=ru

Жауап қалдыру