Арзандатылған дизель отынына (жем-шөп дайындау жұмыстарына) қосымша өтінім қабылдау басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарау, 25 тармағына және сәйкес, көктемгі далалық жұмыстарына бөлінген дизель отынының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен алынбаған көлемін оператор ауыл шаруашылығы жұмыстарының келесі түрлері бойынша өткізілуін қамтамасыз етеді:

1) егін жинау жұмыстары;

2) жем-шөп дайындау жұмыстары;

3) дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіру;

4) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының қосымша түрлерін (сүдігер жерлерді жырту, егістерді өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу, күздік дақылдарды себу, қар ұстау) жүргізу.

Осыған байланысты 2026 жылдың 23 маусым күні сағат 9:00-ден бастап арзандатылған дизель отынына (жем-шөп дайындау жұмыстарына) қосымша өтінім қабылдау «Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі» (gosagro.kz) арқылы басталады.

Бұл ретте, танаптың бір кадастрлық нөмірі бойынша қайта өтінім жіберуге жол берілмейді. Дизель отынының көлемін есептеу 1 га арналған дизель отыны шығысының нормативін ескере отырып, автоматты түрде жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-auyl/press/news/details/1245568?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді