Эбола геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық жағдай және оның алдын алу шаралары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық қауіпсіздік пен аса қауіпті инфекциялардың, оның ішінде Эбола геморрагиялық қызбасының алдын алу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізді.

Іс-шараға облыстық туризм басқармасының, Ақмола облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының, өңірдің медициналық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – қауіпті инфекциялық аурулардың ел аумағына әкелінуі мен таралу қаупіне жедел ден қою бойынша қызметтер мен ұйымдардың дайындығын арттыру болды. Қазақстанда Эбола геморрагиялық қызбасының жағдайлары тіркелмегеніне қарамастан, халықаралық байланыстар мен туристік сапарлардың белсенділігі жағдайында аурудың алдын алу және төтенше эпидемиологиялық жағдайларға дайындық мәселелері өзекті болып қала береді.

Семинар барысында қатысушылар Бундибугио вирусынан туындаған Эбола геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық жағдайды қарастырып, инфекцияның берілу жолдарын, аурудың клиникалық белгілерін және вирустың таралуының алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар кешенін талқылады.

Зертханалық диагностика мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мамандар биологиялық материалды іріктеу, сақтау және тасымалдау қағидаларын, сондай-ақ құрамында Эбола вирусы болуы ықтимал үлгілермен жұмыс істеу кезіндегі биологиялық қауіпсіздік талаптарын жан-жақты түсіндірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1245682?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді