
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиында департамент басшысы Серік Сексенбайұлы Омарханов қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызмет саласында адал әрі нәтижелі еңбек етіп жүрген мамандарды марапаттады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен департаменттің бас маманы Ольга Дмитриевна Михайленко және Зеренді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Еслямбек Қайратұлы Канафин марапатталды.
Салтанатты шара барысында Умут Салимовна Кожамжарова мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.
Сондай-ақ департамент басшысының Құрмет грамотасымен Степногорск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Анна Владимировна Швейпс пен Біржан сал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Елена Владимировна Королева наградталды.
Іс-шара соңында қызметкерлерге кәсіби табыс пен толағай жетістіктер тілеп, мерекелік жиын өз мәресіне жетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1245699?lang=ru

Жауап қалдыру