Тараз қаласында күнделікті алдын алу шаралары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазғы кезеңде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласының аумағында шомылуға тыйым салынған орындарда күнделікті профилактикалық және рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Іс-шаралар барысында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертуде. Сонымен қатар азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмау және рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеу туралы ескертілуде. Рейдтік іс-шаралардың негізгі мақсаты- судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және адам өмірін сақтау. ТЖ қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген жағажайларда ғана демалуға шақырады.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1245730?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді