
ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА
Әуезов ауданында Отбасын қолдау орталығы Әкелер күніне орай спорттық іс-шара ұйымдастырды.
Қатысушылар түрлі спорттық сайыстарға қатысып, белсенділік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, әкенің қоғамдағы рөлін дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Барша әкелерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Әр шаңырақта сыйластық пен татулық болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1245741?lang=ru

Жауап қалдыру