23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтайды!

     Мемлекеттік қызмет – бұл ең алдымен ел мүддесі жолындағы адал қызмет пен зор жауапкершілік. Мемлекеттік қызметші болу – өз халқына қалтқысыз қызмет етіп, қоғамның дамуына, еліміздің әл-ауқатын арттыруға және тұрақтылықты сақтауға өз үлесін қосу деген сөз. Бұл ретте, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандардың еңбегі ерекше маңызға ие. Қауіпті өндірістік нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, апаттардың алдын алу және адам өмірін сақтап қалу – мемлекеттік қызметтің ең жауапты бағыттарының бірі. Өз ісіне адал, кәсіби біліктілігі жоғары мамандардың қажырлы еңбегі арқасында еліміздің өнеркәсіптік әлеуеті нығайып, азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда тұр.

     Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ал жауапты қызметтеріңізде жаңа табыстар тілейміз. Еліміздің өркендеуі жолындағы игі істеріңіз жемісті болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1245786?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді