
Апталықтың алғашқы іс-шарасы ретінде «Қолжетімді құқық аумағы» акциясы өткізілді.
Шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту.
Акция барысында тұрғындарға еңбек заңнамасы, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй қатынастары, салық салу, кәсіпкерлік, білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша тегін консультациялық көмек көрсетілді.
Іс-шараға Абай облысының мемлекеттік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, азаматтардың өзекті сұрақтарына жауап берді.
Мұндай бастамалар халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заңға құрметпен қарау қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1245784?lang=ru

Жауап қалдыру