Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өнірлік комиссияның отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ағымдағы жылғы 22 маусымда халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм, ішкі саясат, ҰҚК Шекара қызметі СҚО бойынша департаментінің, полиция, әділет салалары өкілдерінің қатысуымен адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.

Комиссияда адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу,  сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторларының құқық қорғау органдарымен бірлесіп ұйымдарда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау бойынша мониторинг пен жоспардан тыс тексерулер жүргізу  мәселелері қаралды.

Талқылау барысында Комиссия мүшелері пікір алмасып, одан әрі адам саудасына қарсы күрес саласында жұмыс істеу, мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау және жекелеген бағыттар бойынша шараларды жандандыру жөнінде ұсыныстар берді.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1245864?lang=ru