Сараптамалық кеңес мүшесімен бірлесіп, Қарсақпай металлургия зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Сараптамалық кеңес мүшесімен бірлесіп, Қарсақпай металлургия зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында адам құқықтарын қорғау тетіктері, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ еңбек ұжымына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары таныстырылды. Қатысушыларға арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, олардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді. Кездесу ашық әрі сындарлы пікір алмасу форматында өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1245903?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді