
Абай облысында «Заң мен тәртіп» апталығы аясында өткен «ABAI CUP» жайдарман лигасының «Маусымашар-2026» іріктеу ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады!
Көңілді тапқырлар додасына еліміздің әр өңірінен келген «Пед колледж», «Өнер біраз іс», «Ойнап айтам» (Өскемен), «Шұғылбай», «Адам емес» (Астана), «Алма Лайф» (Алматы), «Шәкәрім құрамасы», «Мираж» (Павлодар), «Әуезов құрамасы», «Швейцария» (Өскемен) және «Смарт құрамасы» (Астана) қатысты.
Ойын қорытындысы бойынша бас жүлдені «Шәкәрім» құрамасы иеленді.
Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің арнайы таңдауы – «Өнер біраз іс» құрамасына бұйырды.
«Үздік ойыншы» номинациясын Слямханова Алина («Ойнап айтам», Өскемен) жеңіп алды.
Кештің ерекше сәттерінің бірі – «Адам емес» құрамасының жасанды интеллект элементтерін пайдаланып өнер көрсетуі болды.
Ойынға тәжірибелі жайдарманшылар мен қоғам өкілдерінен құралған қазылар алқасы төрелік етті.
«ABAI CUP» – жастар шығармашылығын дамытуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға бағытталған маңызды алаң.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1245902?lang=ru

Жауап қалдыру