Жолаушылар қауіпсіздігі – ерекше бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жолаушылар қауіпсіздігі – ерекше бақылауда

Шығыс Қазақстан облысында 19-23 маусым аралығында өткен «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.

Іс-шараға 390-нан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Олар көліктік бақылау инспекциясының мамандарымен бірлесіп қоғамдық көліктерді тексеріп, автобустардың техникалық жай-күйіне, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жолаушылар тасымалының заңдылығына ерекше назар аударды.

Іс-шара барысында жолаушылар мен жүк тасымалдайтын 500-ден астам автобус пен басқа да көлік құралдары тексерілді. Сонымен қатар 16 автобус паркі мен есепте тұрған 400-ден астам жүргізуші тексеруден өтті.

Нәтижесінде жол жүрісі қағидалары мен жолаушылар тасымалы саласындағы заңнама талаптарын бұзудың 280-нен астам дерегі анықталды. Бұдан бөлек, 5 жүргізушіден көлік құралын басқаруға кедергі келтіретін медициналық қарсы көрсетілімдер анықталды.

Жіберілген заң бұзушылықтар үшін 6 көлік құралы арнайы тұраққа қойылып, 16 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі алынды. Оның ішінде автобус жүргізушілерінен 4 нөмірлік белгі тәркіленді.

Жолаушылардың қауіпсіздігі әрбір жол қозғалысына қатысушының ережелерді сақтауынан басталатынын еске саламыз. Өз қауіпсіздіктеріңізді сақтаңыздар, сапарларыңыз сәтті әрі қауіпсіз болсын!

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1245957?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді