Бүгін – Мемлекеттік қызметші күні!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бұл күн Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен әлем бойынша «Мемлекеттік қызмет күні» ретінде белгіленген және Қазақстанда 2014 жылдан бері ресми кәсіби мереке ретінде аталып өтеді.
Мемлекеттік қызмет – ел дамуы мен қоғам игілігі жолындағы жауапты әрі абыройлы еңбек. Халықтың әл-ауқатын арттыруға, мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған қызмет әрбір мемлекеттік қызметшіден жоғары кәсібилік пен адалдықты талап етеді.
Осы мерекеге орай мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген барлық азаматтарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, жауапты қызметтеріңізде жоғары жетістіктер, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Мемлекетіміздің өркендеуі мен халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын! 🇰🇿

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1245950?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді