
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратымен бірлесіп, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың қатысуымен Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімін өткізді. Кәсіби мереке қарсаңында мемлекеттік қызмет саласының дамуына елеулі үлес қосып, өз міндеттерін жоғары кәсібилікпен атқарып жүрген бірқатар қызметшілер ведомстволық наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының бас инспекторы Казимова Гүлсара Есқалиқызы марапатталды.
Сондай-ақ, департаменттің алғыс хаты Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының бас инспекторы Фазылова Ақбота Қуанқызына табысталды.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев марапат иелерін жеке құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.
Марапат құттықтай отырып, алдағы қызметтеріне табыс, зор денсаулық және ел игілігі жолындағы еңбектеріне толағай жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1245931?lang=ru

Жауап қалдыру