
Құрметті жерлестер!
2026 жылдың 23 маусымда VІІІ шақырылған Ұлан аудандық мәслихаттың кезекті LІІІ cессиясы өтті. Сессияда келесі сұрақтар қаралды:
- Ұлан ауданының денсаулық сақтау жөніндегі перспективалық жоспарын іске асыру туралы.
К. С. Өскенбаев – аудандық аурухананың бас дәрігері.
- Егінсу ауылдық округінің әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
Е. С. Бейдженбаев – Егінсу ауылдық округінің әкімі.
- Қасым Қайсенов кентің абаттандыру және көгалдандыру туралы.
М. Ерланқызы – Қасым Қайсенов кенті әкімінің м.а.
- Әр түрлі:
1) Ұлан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 103 «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Ұлан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 218 «Ұлан аудандық округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Ұлан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 наурыздағы № 198 «Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
https://www.youtube.com/live/grxdGJ-21gY

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulanmaslikhat/press/news/details/1246035?lang=ru

Жауап қалдыру