Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова №101 «Келешек мектебіне» барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сеңғазыев қатысты.
🏫Сапар барысында қонақтар мектептің білім беру ортасымен танысып, AI Interactive Smart Classroom инновациялық кабинетінің жұмысын көрді, сондай-ақ оқушылардың жасанды интеллект пен экология бағытындағы жобаларын тамашалады. Оқушылар заманауи цифрлық технологиялар мен AI құралдарын пайдалана отырып әзірленген өз жобаларын таныстырды.
🌐Сапар аясында «Жасанды интеллект және жаңа буын» тақырыбында «Министр сабағы» өтті. Ашық диалог барысында оқушылармен жасанды интеллекттің даму перспективалары, цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері және жастардың еліміздің инновациялық болашағын қалыптастырудағы рөлі талқыланды.
🔹Кездесу барысында білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу, оқушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту және педагогтердің заманауи білім беру құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1246046?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді