
2026 жылғы 23 маусымда қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы Zoom бағдарламасы арқылы онлайн режимде өтті. Отырысқа Курчатов қалалық мәслихатының төрағасы Г.М. Хусайнова, Курчатов қаласы әкімінің орынбасары М.Н. Мырзыкешов, Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Н. Дүйсембеков қатысты.
Комиссия отырысында «Қала аумағын абаттандыру ережелерінің және үй малын жаю ережелерінің сақталуы туралы» мәселе қаралды.
Комиссия ақпаратты тыңдап және талқылай келе, Курчатов қаласында мал жаю ережелерін сақтау ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға қалалық ветеринариялық инспекциямен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорын есепке алуды және салыстыруды жүргізу ұсынылды. Сондай-ақ жеке секторды аралап, әрбір мал иесіне әкімшілік жауапкершілік туралы жадынаманы қолын қойғызып, жеке табыстауды ұйымдастыру қажеттігі айтылды.
Курчатов қалалық мәслихаты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchatovmaslihat/press/news/details/1246124?lang=ru

Жауап қалдыру