Облыс әкімі мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы мәслихатының кезекті ХХХVІІ сессиясында өңір басшысы Берік Уәли 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсім сақталғанын атап өтті. Баяндамада өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция тарту, туризм, жол, жылу және сумен қамту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында атқарылған жұмыстар қамтылды.

Облыс әкімі өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға да тоқталды. Атап айтқанда, «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы, Семей қаласында жаңа жылу электр орталығын салу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, индустриялық аймақтарды кеңейту, туризм және агроөнеркәсіп салаларындағы жобалар туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ «Абайға құрмет» акциясы аясында Семей қаласында жүзеге асырылатын әлеуметтік, мәдени және спорт нысандары таныстырылды. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жоба өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, облыс орталығының инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған.

Баяндама барысында білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне де назар аударылды. Жаңа мектептер мен медициналық нысандардың құрылысы, кадр тапшылығын азайту және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар туралы айтылды.

Депуттаттар аймақ басшысының есебін оң бағалалап, бірқатар өзекті мәселе бойынша ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жиын соңында облыс әкімінің есебі қабылданды.

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1246191?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді