Еңбек нарығында 2015 жылдан бері жұмыс істейтін компания басшысы Григорий Повстянконың айтуынша, кәсіпорын ай сайын орта есеппен 700 матрас шығаруға қауқарлы.
– Матрастар Тараз қаласы мен Жамбыл облысының барлық жиһаз дүкендерінде ұсынылған. Сондай-ақ Шымкент, Қарағанды және Қызылорда сынды қалаларда тұрақты тұтынушыларымыз бар. Сондай-ақ, компания қонақүйлермен және жатақханалармен ынтымақтастық орнатып, Қызылорда және Түркістан облысындағы мұнай және металлургия өнеркәсібінің вахталық қалашықтарына матрацтарды жеткізуді жүзеге асырады. Біздің өнімнің басты артықшылығы – 30 жылға дейінгі кепілдігі бар, – дейді жамбылдық кәсіпкер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1246717?lang=kk

Жауап қалдыру