23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай, аудан әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Онда аудан әкімі әріптестерін мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметті атқару – абыройлы міндет екендігін, елімізде мемлекеттік қызметтің беделі артып, қызметшіге ауқымды міндеттер жүктеліп отырғандығын атап өтті. Мереке иелерін құттықтап, кәсіби қызметінде табыс, отбасыларына амандық тіледі.

Аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев та ізгі тілегін білдіріп, мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсете отырып, туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланатынын жеткізді.

Жиында мемлекеттік қызмет саласында көп жылдар бойы қызмет атқарып, еселі еңбегімен дараланғандар облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Одан бөлек, бірқатар мемлекеттік қызметшілер аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1246755?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді