ШҚО-да тамшылатып суару технологиясы белсенді енгізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аграрлық сектор Зайсан ауданы экономикасының маңызды драйверлерінің бірі болып қала береді. Себебі, бұл аудан ШҚО-да суармалы егіншілікпен айналысатын жалғыз өңір болып отыр.

– Қазір  ауданның 155 шаруашылығы Үйлен су қоймасының есебінен 8608 гектар жерді өңдеуде. Алда жалпы ұзындығы 113 шақырым болатын төрт негізгі су құбыры салынады. Сондай-ақ, 10151 гектар жерді суаруды қамтамасыз ететін 30 шаруашылықішілік канал іске қосылды. Үш шаруашылықта тамшылатып суару технологиясы енгізілген, – деп хабарлайды аудан әкімдігі.

Мұнда көктемгі егіс науқаны жоғары деңгейде өткен. 411 шаруашылық 16170 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын еккен.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1246754?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді