Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы су пайдаланушылар үшін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясының мамандары су пайдаланушыларға инспекция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру барысында қатысушыларға өтініш беру тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері, сондай-ақ оларды электрондық форматта алу мүмкіндіктері баяндалды.

Естеріңізге сала кетейік, инспекция келесі 4 мемлекеттік қызметті көрсетеді:

-Су есепке алу аспаптарын пломбалау;

-Арнайы су пайдалануға рұқсат беру;

-Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстар жүргізуді келісу;

-Бөгеттер қауіпсіздігі декларациясын тіркеу.

Барлық қызметтер «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды және мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша кеңес алу үшін инспекцияның 8 (7142) 50-11-09 байланыс телефонына хабарласуыңға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1246823?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді