
24 маусым күні, сағат 09:00- 14:00 аралығында Астана қаласы, Космонавтар көшесі, 60 мекенжайында орналасқан Comfort Hotel Astana қонақүйінде «She Impact Kazakhstan» жобасы аясында оқыту іс-шарасы өтеді.
Жоба әйелдер кәсіпкерлігін және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ жасанды интеллект, зияткерлік меншік және инклюзия қағидаттарын енгізуге бағытталған.
Осыған орай, елордалық бизнес өкілдерін, әлеуметтік кәсіпкерлерді, үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерін, сондай-ақ қолдауды қажет ететін әйелдерді осы шараға шақыру үшін қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Қатысушыларды тіркеу келесі сілтеме арқылы жүргізіледі:
forms.gle/1hpnsWjRVCuykvcGA

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1246994?lang=ru

Жауап қалдыру