
Ақтау қаласында қураған шөптерді тазарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі таңда бұл жұмыстарға бірнеше мердігер ұйымның 250-ден астам қызметкері мен 20-ға жуық арнайы техникасы жұмылдырылған.
Коммуналдық қызмет мамандары күн сайын қаланың орталық жол жиектері мен шағын аудандар аумағындағы қураған шөптерді тазарту жұмыстарын жүргізуде. Аталған шаралардың негізгі мақсаты – дала өрттерінің алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қураған шөптерді тазарту жұмыстары бекітілген күнделікті кестеге сәйкес тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1247376?lang=ru

Жауап қалдыру