
Тарихқа тағзым – танымға жол!
Бүгін Жырақұдық орта мектебінің мектепішілік жазғы лагерь демалушылары танымдық-тарихи экскурсия аясында Қаратөбе ауданына саяхат жасап, музей қорындағы құнды жәдігерлермен танысты.
Экскурсия барысында оқушылар туған өлкенің тарихы, мәдени мұрасы және белгілі тұлғалары туралы тың мәліметтер алып, тарихи құндылықтардың маңызын терең түсінді. Музейдегі әрбір жәдігер балалардың қызығушылығын арттырып, ел тарихына деген құрмет сезімін қалыптастырды.
Мазмұнды саяхат оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, жазғы демалыстарын пайдалы әрі әсерлі өткізуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1247537?lang=ru

Жауап қалдыру