Балалардың жазғы демалысы мен қауіпсіздігі басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалардың жазғы демалысы мен қауіпсіздігі басты назарда

Бүгін аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ә. Жамбылов балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру барысымен танысты. Іссапар барысында жазғы лагерьлердегі балалардың тамақтану сапасы, санитарлық талаптардың сақталуы және демалысты мазмұнды ұйымдастыру жұмыстары қаралды.

 

Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы өрт және судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Психолог мамандар балалардың психологиялық саулығын сақтау, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту бағытында профилактикалық жұмыстар өткізді.

 

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігі мен сапалы демалысын қамтамасыз ету басты назарда болуы керектігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1247531?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді