
БҚО-ДА 90 ОҚУШЫҒА 120 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ ✨🏆
🎈 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған облыстық шарада халықаралық және республикалық білім бәсекелерінде өңір намысын абыроймен қорғап, үздік нәтиже көрсеткен 90 оқушыға облыс әкімінің алғыс хаты мен 120 мың теңге көлеміндегі қаржылай сертификаттар табысталды. 👏🎉
💫 Қуанышқа орай, осы марапат иелерінің қатарында республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық конкурсында І орын иеленген Ж.Досмұхамедов атындағы МББК-ның 6-сынып оқушысы Маликова Аделя да бар! 🥇📚
👏🌹 Аделяны шын жүректен құттықтаймыз! Жас зерттеушімізге алар асулары биік, жеңістері көп болсын дейміз!
🌟 Білім мен ғылым жолындағы ізденістері жемісті болып, ауданымыздың мерейін асқақтата беруге тілекшіміз! 🔥🎊

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1247563?lang=ru

Жауап қалдыру