
2026 жылғы 25 маусымында Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г. Сәдуақасованың төрағалығымен ZOOM бейнеконференц байланыс форматында сегізінші шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс LIII сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасары А.Керімбаев, сондай-ақ шақырылған тұлғалар қатысты.
Отырыс барысында депутаттар Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы кейбір консультативтік-кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізуге байланысты мәселелерді қарастырды.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 8С-48/3 «Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ, депутаттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі комиссиялардың құрамындағы өзгерістерді қарастырып қолдады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
Отырысты қорытындылай келе, аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлнұр Сәдуақасова консультативтік-кеңесші органдардың тиімді қызметін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, депутаттарға сындарлы жұмысы үшін алғысын білдірді.
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shortandy/press/news/details/1247916?lang=ru

Жауап қалдыру