24 маусым күні қала әкімінің төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша кезекті штаб отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеңес барысында жылумен жабдықтау нысандарындағы жөндеу науқанының орындалу барысы және жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуы қаралды. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық жоспарлы режимде жалғасуда.

Қаланың жылу нысандарында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. №1 қазан агрегатында ауыстырылатын жабдықтарды бөлшектеу жөніндегі жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта құбыр бөлігін жөндеу, сондай-ақ үрлеу желдеткіші мен сорғыны ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

№4 қазан агрегатын жөндеу жұмыстары аяқталу кезеңінде. Қазіргі таңда гидравликалық сынақтар өткізілуде.

Шахан кентінің қазандығында үрлеу желдеткіші мен түтінсорғыштың мойынтіректерін ауыстыру, қыздыру беттерінің жекелеген элементтері мен бүйір экран құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар жылу желілерін жаңғырту жұмыстары келесі учаскелерде жалғасуда:
• Жеңістің 40 жылдығы көшесі, 44/1, 46/1;
• Московская көшесі, 3 және 29;
• Абай көшесі, 69;
• Карл Маркс көшесі, 121 — Молодежная көшесі, 45/2 дейін;
• Ленинградская көшесі, 56;
• қала әкімдігі ауданы.

Штаб отырысынан кейін жылумен жабдықтау нысандары мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелеріне барып тексеру ұйымдастырылды.

Қаланың басқа учаскелерінде құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде немесе белсенді дайындық кезеңінде тұр. Сонымен қатар мамандар бекіту арматураларына ревизия жүргізіп, оларды ауыстыру жұмыстарын атқаруда.

Барлық жұмыстар қала әкімдігі мен станция басшылығының тұрақты бақылауында.

Негізгі міндетіміз – жылумен қамту нысандарының қысқы кезеңге сапалы дайындығын қамтамасыз ету және алдағы жылу маусымында тұрғындарды тұрақты және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету.

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1248005?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді