
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 25 маусымында ұйымдастырған «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы аясында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің №1 қамсыздандыру және зейнетақы тағайындау бөлімінің бас маманы Балабекова Алия Мадибекқызы қатысты.
Іс-шара барысында азаматтарға зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызмет алушылардың көкейінде туындаған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Аталған іс-шара халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын нығайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1248047?lang=kk

Жауап қалдыру