
Абилов Жанат Жаңбырбайұлы
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бөлімінің бас маманы.
Саладағы еңбек өтілі – 25 жыл.
Абилов Жанат Жаңбырбайұлы 1992 жылы Петропавл медициналық училищесін «Тіс дәрігері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы еңбек жолында өзін білікті маман, жауапты және тәжірибелі қызметкер ретінде көрсетті. Коронавирустық инфекция пандемиясымен күреске елеулі үлес қосты. Кәсіби қызметі барысында карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу бағытындағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және профилактикалық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, тиімді жүзеге асырып келеді. Қызметтік міндеттерін орындауда жоғары жауапкершілік, ұқыптылық және адалдық танытады. Жанат Жаңбырбайұлы жоғары стресске төзімділігімен, ұжымда тиімді жұмыс істей білуімен және жауапты шешімдерді жедел қабылдай алуымен ерекшеленеді. Ұжым арасында зор құрметке ие, кәсіби біліктілігі мен мол тәжірибесі әріптестері тарапынан жоғары бағаланады. Әріптестеріне үнемі әдістемелік және практикалық көмек көрсетіп, жас мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлік етеді. Қызметкерлердің кәсіби және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға белсенді үлес қосады. Мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын сақтауда, қызметтік міндеттерін адал орындауда және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда үлгі бола алады. Жеке қасиеттері: адалдық, жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет, бастамашылдық және мәселелерді тиімді шеше білу. 2020 жылғы 14 қыркүйекте COVID-19 пандемиясына қарсы күреске қосқан елеулі үлесі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1248054?lang=ru

Жауап қалдыру