
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ дәрігер рецептісі бойынша босатылуға жататын дәрілік заттарды рецептісіз өткізу құқық бұзушылық болып табылатынын еске салады.
-Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 27-тарауының 233-бабының 5-тармағын;
-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-тарауының 16-тармағын бұзу болып табылады.
Осыған байланысты дәрілік заттарды рецептісіз өткізгені үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген, жеке тұлғаларға – жетпіс айлық есептік көрсеткіш (АЕК); лауазымды тұлғаларға – жүз АЕК; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз отыз АЕК; орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз АЕК; ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1248148?lang=ru

Жауап қалдыру