Ыстық әрі құрғақ ауа райында болмашы ғана ұшқынның өзі ірі орман немесе дала өртіне себеп болуы мүмкін. Табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет.
⚠ Тыйым салынады:
- Өрт қауіпті кезеңде ормандар мен орман алқаптарында от жағуға;
- Сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылын тастауға;
- Қоқыс пен құрғақ өсімдіктерді өртеуге;
- Жанғыш материалдар мен шыны бөтелкелерді қалдыруға.
✅ Табиғат аясында демалу кезінде:
- Тек рұқсат етілген демалыс орындарын пайдаланыңыз;
- Балаларды бақылауда ұстап, отпен ойнауына жол бермеңіз;
- Артыңыздан қоқыс қалдырмаңыз;
- Өрт немесе түтін байқалған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.
Орман мен табиғатты өрттен қорғайық! Әр адамның жауапкершілігі табиғатты сақтауға көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1248167?lang=ru

Жауап қалдыру