Ыстық әрі құрғақ ауа райында орман және дала өрттерінің шығу қаупі айтарлықтай артады. Тіпті кішкентай ғана ұшқын, сөндірілмеген темекі тұқылы немесе қалдырылған қоқыс ірі өртке себеп болуы мүмкін.
⚠ Қауіпсіздік ережелері:
- Орманда және ашық аумақта от жақпаңыз.
- Сөндірілмеген темекі тұқылы мен сіріңкені тастамаңыз.
- Шыны бөтелкелер мен олардың сынықтарын қалдырмаңыз.
- Құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіз.
- Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз.
Түтін немесе өрт байқалған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.
Орманды өрттен сақтайық — табиғаттың қауіпсіздігі әрқайсымызға байланысты! 🌲🔥
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1248165?lang=ru

Жауап қалдыру