
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданында тұрғындармен кездесу өтті.
Жиын барысында құмар ойындарының зияны, қаржы пирамидаларының қауіптілігі және қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері түсіндірілді. Мамандар азаматтарға қаржылық алаяқтықтан сақтану жолдары мен жеке қаражатты тиімді басқару бойынша ақпарат берді.
Кездесу соңында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан тиісті жауаптар алды. Іс-шара “Заң мен Тәртіп” нарративі аясында өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1248223?lang=kk

Жауап қалдыру