
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары-кестесіне сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысымен бекітілген «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында 2026 жылғы 26 маусым күні «Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Рәсімдердің ашықтығы, кері байланыс және халық сенімін арттыру» тақырыбында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. Іс-шара барысында сәулет және қала құрылысы саласындағы мәселелер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-architecture/press/news/details/1248374?lang=ru

Жауап қалдыру