“Таза Қазақстан” акциясы аясындағы велошеруге шақырамыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Мәртөк ауданында жастар мен тұрғындардың қатысуымен ауқымды велошеру ұйымдастырылады.

Аталған шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен айналысуды дәріптеу, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Велошеру барысында қатысушылар Елек көпірінен бастап Достық саябағына дейін жүріп өтіп, денсаулықты нығайтудың, спортпен шұғылданудың және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығын насихаттайды.

📍 Бағыты: Елек көпірі – Достық саябағы
🕙 Қатысушылардың жиналуы: 10:15
🚴 Велошерудің басталуы: 10:30
📅 Өтетін күні: 26 маусым 2026 жыл

Барша аудан тұрғындарын, жастарды, спорт сүйер қауымды және белсенді азаматтарды велошеруге қатысуға шақырамыз!

Денсаулықты таңдайық, спортты қолдайық, жарқын болашақты бірге құрайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1248544?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді