
Жетісу облысы Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналасындағылардың тыныш демалу құқығына құрметпен қарауға шақырады.
Соңғы уақытта түнгі уақытта салюттар, отшашулар және өзге де пиротехникалық бұйымдарды қолдану жағдайлары жиілеп кетті. Еске саламыз, сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі уақыт азаматтардың тыныштықта демалуына арналған кезең болып табылады. Осы уақытта шыққан қатты дыбыстар мен жарылыстар тұрғындарға, әсіресе кішкентай балалары бар отбасыларға, қарт адамдарға және басқа да азаматтарға қолайсыздық туғызады.
Тыныштықты сақтау және қоғамдық тәртіпті бұзбау – әрбір азаматтың міндеті. Түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Өңір тұрғындарын өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарап, айналасындағылардың құқықтарын құрметтеуге және пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудан бас тартуға шақырамыз.
Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана қалаларымыз бен елді мекендерімізде тыныштықты, қауіпсіздікті және жайлы ортаны сақтай аламыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1248590?lang=ru

Жауап қалдыру