
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Жастар ресурстық орталығының бірлескен «TUR WORKOUT – Тәртіпке тартыл» жастар жобасы Отырар ауданында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шараның ашылу салтанатына Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің подполковнигі Абай Бауыржанұлы Қадыров, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қатысып, жастарға сәттілік тілеп, жобаның маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында жастармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дропперліктің қауіптілігі, интернет-алаяқтықтың алдын алу, жеке деректерді қорғау және заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Жоба аясында өткен спорттық жарыстар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, тәртіп пен жауапкершілікке баулуға бағытталды.
Турнир қорытындысы бойынша облыстық финалдық кезеңге жолдама алған жастар:
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы финалдық кезеңде аудан намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1249004?lang=kk

Жауап қалдыру