
26 маусым күні Астана қаласындағы Конгресс-орталықта III Ашық Сенат кубогының шахматтан финалдық кезеңі өтті. Ақмола облысының құрама командасы турнирде тамаша өнер көрсетіп, жоғары шеберлік, ұйымшылдық және жеңіске деген жігер танытып, тарихта тұңғыш рет жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды!
Жеңімпаз команданың құрамы:
команда капитаны — Серік Биғожин;
Мереке Жүсіпов;
Ерлан Хасенов;
Рашид Ғалимжанов;
Жәнібек Негметжанов;
Ерлан Төрімбетов;
Досбол Келденбек;
Бекжігіт Сәрсенов;
Нұрлан Жұматаев;
Болат Рақышев;
Андрей Вишнев.
Жеке есептегі жүлдегерлер:
депутаттар арасында:
Ерлан Хасенов – ІІ орын;
Мереке Жүсіпов – ІІІ орын;
қоғамдық кеңестердің мүшелері арасында:
Досбол Келденбек – ІІІ орын.
Ақмола облысынан шахматшылар құрамасының «SENAT OPEN» кубогына қатысуын ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Умар Шоназаровқа шынайы алғысымызды білдіреміз!
Ақмола облысының құрама командасын осы тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – қажырлы еңбек, табандылық және командалық бірліктің жарқын жемісі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, зор денсаулық, шабыт және ең беделді жарыстарда жаңа жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз! 🏆♟

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1249268?lang=ru

Жауап қалдыру