Мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және қолжетімді орта мәселелері Қарағандыда Еңбек министрінің кеңесшісімен талқыланады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облыс орталығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Гүлнар Ахмолдинаның қатысуымен Ашық есік күні өтеді. Кездесуде халықтың өмір сүруінің барлық саласына қатысты өзекті мәселелер қаралады.

Іс-шара Қарағанды облысының әкімдігі мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Ашық диалог барысында әрбір қатысушы әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес ала алады. Министрдің кеңесшісі оңалтуға арналған техникалық құралдарды алу тәртібі туралы жан-жақты түсіндіріп, тұрғын үйге қатысты сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланады. Атап айтқанда, жолдардың, көліктің, қоғамдық кеңістіктер мен әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі сөз болады.

Ашық есік күні 1 шілде күні сағат 10:00-де өтеді.

Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709 (азаматтарды қабылдау алаңында).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-social/press/news/details/1249274?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді